Су басатын орындар азайып келеді

Су басатын орындар азайып келеді
Сурет: ашық дереккөз

Жауын-шашын болған кездерде қалада су жиналып, қала тұрғындарының жүріп-тұруына мүмкіндік болмай қалатын кездер болған.

Мегаполис әкімдігі осынау мәселенің салдарын зерттеп, келелі жұмыстарды қолға алды. Бүгінгі таңда Түрксіб ауданында 1,7 шақырым арық желілерін салу және коллекторды тазарту арқылы үнемі су басатын 10 орын жойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Экология басқармасы 57 учаскеде 41 шақырым арық желісін салу жұмыстарын жалғастыруда. Оның ішінде бүгінгі күні 16 учаскеде 6,9 шақырымнан астам арық желісі салынды. Ал биылғы жылдың соңына дейін 6 учаскеде тағы 2 шақырым желі салынады. Жалпы ұзындығы 32,1 шақырым қалған учаскелер бойынша жұмыстар жалғасып, 2024 жылы аяқталады, деді Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде.