5 мыңнан астам қазақстандық банкрот деп танылды

5 мыңнан астам қазақстандық банкрот деп танылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Олардың ең жасы – 19-да, ең үлкені – 76-да.

5 жылдан астам уақыт қарызын төлемей жүргендердің 58%-ы ер адам, қалған 42%-ы әйел азаматтар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz     

Банкрот деп танылған тұлғалардың орташа жасы 36-дан 45 жасқа дейін. Олар жалпы банкроттардың 35% құрайды.

Азаматтардың бұл санаты тұрақты жұмысы жоқ, демек өз берешегін өтеуге қаражаты жоқ екені белгілі.

Қазіргі уақытта Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірге халықтың қарыздық ауыртпалығына жол бермеу бойынша заңнамалық жұмыс жүргізілуде.

Атап айтқанда, қарыздарды алу талаптарын қатаңдату жоспарланып отыр, оның ішінде мерзімі 90 күннен асып кеткен қарызы барларға тыйым бар.