4 пайыздық көліктер үш ай ішінде толық беріледі

4 пайыздық көліктер үш ай ішінде толық беріледі
Сурет:Mnews.kz

Бұл - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтің сөзі.

Министрдің айтуынша, қазір 4 800-дей адамға жеңілдетілген автокөлік алу үшін банктерден кепілдік, рұқсат берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Журналистер зауыттарда көлік жоқ екеніне, адамдарға алты ай, бір жыл, 10 жыл күтуге тура келетіні туралы айтылғанына назар аударды.

«Қалай мәшине жоқ? Зауыт қой. Әрине, бір күнде 10, 20 мың мәшине шығару мүмкін емес. Бірақ ай сайын өзінің жолымен шығарылып жатыр. Екі, үш ай ішінде несие алған адамдарға толығымен мәшине беруге зауыттарда мүмкіншілік бар. ... Ешқандай 10 жыл күтпейсіздер. Әрі кеткенде екі-үш айдың ішінде беріледі», - деп уәде берді министр.