4 облыста көлік қозғалысы шектелді

4 облыста көлік қозғалысы шектелді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Себеп – ауа-райының қолайсыздығы.

2024 жылғы 31 қаңтардағы мәлімет бойынша, ауа-райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы облысында - 3 учаске

1."Алматы-Ташкент-Термез" 59-143 км, Жаңақұрылыс а. -Жамбыл обл.шек - 84 км.

2."Алматы-Шелек-Қорғас" 24-254 км,  Ақы алу пунктінен Жетісу обл.шек. дейін– 230 км.

  1. "Алматы-Өскемен" 25-124 км, Ақы алу пуктінен Жетісу обл.шек. дейін - 99 км.

Шектеу жүк және қоғамдық көліктер үшін қолданылады

(қар, ауа температурасының төмендеуі).

Жамбыл облысында - 2 учаске

1."Алматы-Ташкент-Термез" 143-238 км, Алматы обл.шек - Қайнар а. - 95 км.

2."Алматы-Ташкент-Термез" 159-212 км, Кенен а.-Қордай а. - 53 км.

Шектеу жүк және қоғамдық көліктер үшін қолданылады

(Алматы облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты).

Қызылорда облысында - 1 учаске

  1. "Самара-Шымкент" 1802-2055 км, Қызылорда қ.- Түркістан обл.шек.– 253 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады

(Қар аралас жаңбыр, нөлден төмен температурада).

Түркістан облысында - 1 учаске

  1. "Самара-Шымкент" 2055-2082 км, Қызылорда обл.шек.-Шорнақ а.– 27 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады

(Қызылорда облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты).