Зорлық-зомбылықтың жазасы қатты болмақ

Зорлық-зомбылықтың жазасы қатты болмақ
Сурет: интернеттен

Енді педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мәжіліс депутаттары бұл туралы жаңа заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Парламент мәжілісі "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қарайды.

Мәжілісмен, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, заң жобасы мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген. Құжат отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы президенттің тапсырмасына толығымен сәйкес келеді.

Заң жобасында депутаттар бірнеше негізгі норма ұсынып отыр:

ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді қазіргі әкімшілік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке жатқызу, жазасын әлдеқайда қатаңдату;

жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ, зорлық-зомбылық туралы БАҚ немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тісті шаралар қабылдау құқығын беру;

отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлқын өзгерту үшін сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу өкілеттігін беру;

педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыру;

суицидты насихаттағаны немесе суицидке итермелегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу;

балаларға арналған интернат ұйымдарына алдын-ала ескертусіз кез-келген уақытта бару және тексеру.

Әлеуметтік-мәдени даму комитеті заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын.