4 мың білім беру мекемесінен 2 мың кемшілік анықталды

4 мың білім беру мекемесінен 2 мың кемшілік анықталды
Сурет: Rg.ru

«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» тақырыбындағы брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев осылай деді.

Еліміздегі жолға жақын орналасқан 4 мың білім беру мекемесінен 2 мың кемшілік анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Жолға жақын орналасқан білім беру мекемелерінің аумағына 4 мыңнан астам тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою үшін уәкілетті мекемелерге 2 мыңға жуық нұсқама берілді. Қазіргі уақытта 3 612 мектептің жанында жаяу жүргінші өткелдері бар, 2 473 мектептің жанында жасанды кедергілер орналастырған, ал 2 300-ге жуық мектеп жанында жаяу жүргіншілерге арналған лабиринт тектес қоршаулар орнатылған», - дейді комитет басшысының орынбасары.

Сондай-ақ, Жандос Мұратәлиев білім беру мекемелерінің жанында 1 160 жол белгісі жаңартылғанын айтты.

«Білім беру мекемелерінің жанында 1 160 жол белгісі ауыстырылып, қайта орнатылды. Мыңға жуық жаяу жүргіншілер өткелі жабдықталып, 8 мың метрден астам жаяу жүргіншілер жолы салынды, 16 мың метр жол жасанды жолмен жарықтандырылды», - деді ІІМ өкілі.