Алматыда бизнес шығынын 50 прокурор мен 88 сот-медициналық сарапшы анықтайды

Алматыда бизнес шығынын 50 прокурор мен 88 сот-медициналық сарапшы  анықтайды
Сурет: Tengrinews.kz

13 қаңтардан бері 200-ден астам кәсіпкерге кеңес берілді

Алматыға жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген шығынды анықтау үшін 50 прокурор мен 88 сот-медициналық сарапшы жіберілді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап

«Біз бизнесі зардап шеккен кәсіпкерлерге айғақтарды анықтау үшін полицияға хабарласып, қылмыс іздеріне тиіспеуді сұрадық. Палатаның бастамасымен 50 прокурор және 88 тергеуші, криминалистер және 30 сот-медициналық сарапшы, оның ішінде келтірілген шығынды есептеу үшін қалаға 10 экономист бөлінді. Полиция зардап шеккен кәсіпкерлер жәбірленуші деп танылған қылмыстық істер бойынша сот-медициналық сараптама тағайындайды», - деді Айтуар Қошмамбетов.

Сонымен қатар, ол 13 қаңтардан Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының базасында кәсіпкерлерге арналған консультация орталығы құрылғанын айтты. Аталған орталықта бүгінгі күнге дейін 200-ден астам кәсіпкерге кеңес берілді.