4 мамырға арналған ауа райы болжамы

4 мамырға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

13 өңірінде үсік жүреді 

4 мамырда еліміздің 13 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, күн күркірейді, күндіз облыстың оңтүстігінде бұршақ жауады деп болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен оңтүстік шығыстан жел соғады.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с, күндіз Алакөл ауданында 28 м/с құрайды. Түнде облыстың басым бөлігінде сынап бағаны -1-6 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді деп күтіледі. Талдықорғанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні - 15 м/с. Түнде сынап бағаны -1-3 градусты көрсетеді.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күн күркірейді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Алматы облысының басым бөлігінде сынап бағаны -1-6 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Алматыда түнде топырақ беті қатады, сынап бағаны -1-3 градус суықты көрсетеді. Қонаевта да түнде үсік жүреді, сынап бағаны: - 1-3 градус.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында, орталығында шығыстан 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Шымкентте шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, күндіз - 25 м/с. Түркістанда шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, күндіз 25 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Ұлытау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында сынап бағаны -3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. 

Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Облыстың батысында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Ақтауда аракідік найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 18 м/с.

Түнде Қостанай облысының оңтүстік-шығысында топырақ беті қатып, сынап бағаны -2 градусқа дейін төмендейді деп болжанады. 

Жамбыл облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында, солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады. Таразда солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, таңертең және түстен кейін соққан желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.