4 алтын, 4 күміс: Сербияда өткен турнирде қазақстандық команда бірінші орыннан көрінді

4 алтын, 4 күміс: Сербияда өткен турнирде қазақстандық команда бірінші орыннан көрінді
Сурет: Olympic.kz

Сербия астанасы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы мәресіне жетті жетті.

Қазақстандық боксшылар 4 алтын, 4 күміс медальмен жалпы есепте бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық олимпиада комиетіне сілтеме жасап. 

Сегіз боксшымыз финалда жұдырықтасып, оның төртеуі қарсыласқа есе жіберген. 

Belgrade winner турнирінде жүлдегер атанған Қазақстан боксшылары:

Алтын: 

Ернұр Қайрат (48 келі), Санжар Тәшкенбай (51 келі), Дәулет Молдашев (54 келі), Диас Молжігітов (75 келі);

Күміс: 

Сабыржан Аққалықов (71 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Данияр Рақымбердиев (92 келі), Олжас Боқаев (+92 келі).