34 адамнан коронавирус анықталды

34 адамнан коронавирус анықталды
сурет: ашық дереккөз

1 319 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Өткен тәулікте елімізде 34 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің телеграм арнасына сілтеме жасап.

23 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 319 адам коронавирус инфекциясынан (–1 155+ және 164 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 164 пациент стационарда, 1 155 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 2 адамның жағдайы ауыр.