312 автобус жаңартылды, 4 жаңа маршрут ашылды

312 автобус жаңартылды, 4 жаңа маршрут ашылды

Жол инфрақұрылымын дамыту бойынша қарқынды жұмыстар жалғасатын болады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде  хабарлады. 

2023 жылы Медеу ауданында 21,8 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілді, 56 мың м2 жол төсемі ішінара қалпына келтірілді, 29 көшедегі 24,5 шақырым тротуарлар жайластырылды және 20 көшеде 6,6 шақырым арық желісі салынды.

Биыл жолдарды орташа жөндеу жұмыстарының көлемін 2 есе, яғни 51,6 шақырым дейін артады, 60 мың м2 астам жол төсемін қалпына келтіріліп, 42,2 шақырым тротуар (19 көше) және 17 шақырым арық желісі саланады.

  • Қоғамдық көлік жұмысының сапасын жақсарту шеңберінде 2023 жылы 18 маршруттағы 312 автобус жаңартылды, 4 жаңа маршрут ашылды, онда 39 автобус қосылды, 5 жаңа аялдама кешені салынды.
  • Оның ішінде, Көлсай шағын ауданы тұрғындарының өтініштері бойынша №107 маршрутта 3 жаңа тау автобусы іске қосылды.
  • 2024 жылы 17 маршрут бойынша (№12, 16, 120, 71, 50, 73, 211, 121, 63, 118, 210, 79, 92, 126, 209, 43, 74) 235 автобус, 10 аялдама жаңартылады.