3 жастан бастап балаларға екпе салына бастайды

3 жастан бастап балаларға екпе салына бастайды
Сурет: 24.kz

Бұл халқының 76% коронавирус вакцинасын толықтай салдырған Қытайдағы жағдай.

Қытайдың кейбір өңірлерінде 3 пен 11 жас аралығындағы балаларға коронавирусқа қарсы екпе салына бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ел билігі инфекцияның өршуіне қарсы басқа саясат ұстана алар емес. Бүгінде Қытай халқының 76% коронавирус вакцинасын толықтай салдырған.

Бұл мақсатта инактивті үш қытайлық вакцина қолданылып келеді. Олардың барлығы тиісті сынақтан өтіп, маусым айында үкімет пайдалануға рұқсат берген. Ал шілде айынан бастап 12 жастан асқан оқушыларға екпе салына бастады.

Қыркүйек айында ауру жұқтырғандардың жартысынан көбі балалар болған. Вирус тарап жатқан қазіргі жағдайда үкімет вакциналау бағдарламасына жеткіншектерді де қосты. Препарат құрамындағы заттарға аллергиясы бар, жүйке жүйесі дерттеріне шалдыққан, созылмалары аурулары асқынған және дене қызуы жоғары адамдар екпе салдырудан босатылады.