3 облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды

3 облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Сурет: Novosti.kg

Жаңбыр соңы көктайғаққа ұласты. 

10 наурыз ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар 4 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қарағанды облысында жалпы ұзындығы 118 км 1 автожол:

(Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. «Қызылорда-Павлодар» — Ұлытау обл. шек-Топар к.
(автокөліктің барлық түрлері үшін)

Қостанай облысында жалпы ұзындығы 83 км 1 автожол:

(Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. «Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау обл. шек-Арқалық қ.
(автокөліктің барлық түрлері үшін)

Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 543 км болатын 2 автожол:

(нөлден төмен температурадағы жаңбыр, көктайғақ)

1. «Жезқазған-Петропавл» — Жезді а-Қостанай обл. шек.

2. «Қызылорда — Павлодар» -Жезқазған қ.-Қарағанды обл. шек.

(автокөліктің барлық түрлері үшін)

«Республикалық маңызы бар автожолдардың бүкіл желісі бойынша шектеу 744 км-ге немесе бүкіл желінің 2,98%-на қолданылады.

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 265 бірлік техника және 285 адам жұмыс істеп жатыр», — деп жазды ҚазАвтоЖолдан.