264,7 мың жасөспірім коронавирусқа қарсы вакцинаны толықтай алды

264,7 мың жасөспірім коронавирусқа қарсы вакцинаны толықтай алды
Cурет: Egemen.kz

25 465 жүкті әйел вакцина салдырған

Елімізде жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

28 қаңтардағы мәлімет бойынша препараттың І дозасын – 616 466 адам, ІІ дозасын 325 194 адам салдырды. Оның ішінде,
І компонентпен егілді:
- жасөспірімдер – 502 417
- жүкті әйелдер – 25 465,
- бала емізетін әйелдер – 79 132.
ІІ компонентпен егілді:
- жасөспірімдер – 264 701,
- жүкті әйелдер – 15 709,
- бала емізетін әйелдер – 44 773.