3 қалада ауа сапасы нашарлайды

3 қалада ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Ашық дереккөз

11 тамыз күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Almaty- akshamy.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бейсенбіде атмосфералық ауа сапасы Алматы, Ақтөбе және Атырау қалаларында нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.