3 боксшымыз әлем чемпионы атанды

3 боксшымыз әлем чемпионы атанды
Сурет: видеодан алынды

3 боксшымыз чемпион атанды.

Армения астанасы Ереван қаласында бокстан жасөспірімдердің әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Күні кеше қыздар арасындағы ақтық сындар өтті. Нәтижесінде 3 бірдей жерлесіміз өте белсенді қимылдап, айқын басымдықпен ұтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 54 келідегі Аяжан Сыдық пен 60 келідегі Толғанай Қасымхан қарсылас шақ келтірмеді. Бұған қоса, 66 келідегі Айсұлу Мұхит соңғы сында румыниялық Амалией Тугуимен жолығып, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Ұлттық команда қоржынындағы алтындар саны тағы да артуы мүмкін. Өйткені, бүгін ұлдар арасындағы финалдық кездесулер өтеді. Оған Қазақстан құрамасы сапынан Нұрасыл Төлебек қана жолдама алды. Ол 54 келіге дейінгілер арасында бағын сынайды. Жуырда ғана елордада Туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаев кеңейтілген отырыс өткізді және оның барысында аталмыш әлем чемпионатындағы нәтиже көңіл көншітпейтінін алға тартты. Сәйкесінше, құзырлы федерация мен жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.