29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөзі

Республиканың 10 өңірінде жаяу бұрқасын болады.

Қазақстанның 10 өңірінде жаяу бұрқасын, көктайғақ пен тұманға байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады.

ҚМЖ 28 желтоқсан сағат 21:00-ден 29 желтоқсан сағат 21:00-ге дейін Семей, Риддердегі қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, күндіз солтүстік-батысында көктайғақ болады.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын соғады. Өңірдің солтүстігінде тұман болады.