21 ақпанға арналған ауа райы болжамы

21 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Cурет: 24.kz

«Қазгидромет» РМК 21 ақпанда еліміздің қалаларында ауа сапасы қандай болатынын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Синоптиктер мәліметіне сүйенсек, дүйсенбі күні қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау, Павлодар және Өскемен (2-дәрежелі), Семей (2-дәрежелі), Риддер (2-дәрежелі) қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.