2025 жылға қарай студенттер стипендиясы екі есеге артады - министр

2025 жылға қарай студенттер стипендиясы екі есеге артады - министр
Сурет: Egemen.kz

2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы 2 есеге, магистранттар мен докторанттарға 1,5 есеге артады.

Бұл туралы  Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі мен халықаралық беделін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатыр. Жоғары білімге қатысты негізгі бағыттары - Халықаралық аккредиттеуден өткен жаһандық білім беру бағдарламаларын іске асыруға қол жеткізіледі, шетелдік әріптестермен академиялық алмасулар кеңейтіледі. 2025 жылға қарай шетелдік жетекші бес ЖОО-ның филиалы жұмыс істейді», - деді Саясат Нұрбек.

Министрдің айтуынша, 2021-2022 оқу жылына контингенттің жалпы саны 623 839 адамды құрады.

«Барлығы – 120 ЖОО. 2021 жылы түлектердің жұмысқа орналасуы – 68,9%-ды құрайды. Профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны  36 мың адам. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес гранттар саны 2020 жылы 65 мыңнан 2022 жылы 88 мыңға дейін ұлғайтылды.  Сондай-ақ студенттердің стипендиясы да артып келеді. Бакалавриат студенттеріне 36 мың теңге, докторанттарға 150 мың теңге қарастырылған. 2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы 2 есеге, магистранттар мен докторанттарға – 1,5 есеге артады», - деді ол.