2023 жылдың қыркүйегінен бастап метродағы пойыздардың жүру аралықтары 6 минутқа дейін қысқарады

2023 жылдың қыркүйегінен бастап метродағы пойыздардың жүру аралықтары 6 минутқа дейін қысқарады
Сурет: ашық дереккөз

Қоғамдық көліктің сапасы мен жылдамдығына қойылатын талаптар өсуде , деп хабарлады Алматы әкімі Ерболат Досаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп беру барысында. Оның айтуынша, метроның мегаполисте сұранысқа ие болуы жерасты маршруттары желісінің ұлғаюымен жолаушылар ағынының өсуін дәлелдейді,деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  

"Өткен жылдың мамыр айында 2 жаңа станция ашылғаннан кейін жолаушылар ағыны күн сайын 35 мыңнан 90 мыңға дейін 2,6 есеге өсті. Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап 3 жылжымалы состав қосылады, бұл қозғалыс аралығын 6 минутқа дейін төмендетуге мүмкіндік береді", – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев. 

Қала басшысы 2025 жылы "Қалқаман" станциясының құрылысын аяқтау жоспарланғанын, батыс бағытта "Барлық" базарына дейін 3 жаңа станцияның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жүргізіліп жатқанын айтты.