2023 жыл Ризабек Айтмұханұлының жұлдызын жаққан жыл болды

2023 жыл Ризабек Айтмұханұлының жұлдызын жаққан жыл болды
Сурет: Gov.kz

Жылдың қорытынды рейтінгінде палуан алдыңғы орынға шықты. 

Қазақтан шыққан әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақта көш бастап тұр. Екінші орында Грузия, үшінші сатыда Әзірбайжан балуаны орналасқан. 

86 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған Азамат Дәулетбеков рейтингтің екінші сатысына жайғасты. Ол әйгілі Хасан Язданиді де артта қалдырған. 

79 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы Болат Сақаев төртінші орынға тұрақтады. 

Айта кетейік, рейтингті түзу барысында балуандардың әлем, құрлық чемпионаттары мен Азия ойындарында көрсеткен нәтижелері есепке алынды. 

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Сербия астанасы Белградта өткен  әлем чемпионатында  20 жастағы  Ризабек Айтмұхан әлем чемпионы атанған болатын. Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш әлем чемпионы деген атаққа ие болған Ризабек бұл жеңіске жету үшін 9 жыл тер төккен.