20 мыңнан астам полиция бүгін қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

20 мыңнан астам полиция бүгін қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Сурет: 24.kz

Тәртіпті қадағалауға басқа қызметтен 2 жарым мың адам және Ұлттық ұланнан 4 200 әскери қызметші жұмылдырылды

Бүгін республика бойынша 20 мыңнан астам полиция қызметкері қауіпсіздікті қамтамасыз етпек. Оның 14 мыңнан астамы Ішкі Істер органдарының қызметкерлері және 7 мыңға жуығы патрульдік полиция сапындағылар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Одан бөлек, тәртіпті қадағалауға басқа қызметтен 2 жарым мың адам және Ұлттық ұланнан 4 200 әскери қызметші жұмылдырылды. Сондай-ақ фото-бейне түсірілім құралдарымен жабдықталған криминалистік топтар да құрылған.