2 облыста жол жабылды

2 облыста жол жабылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Автокөліктің барлық түріне шектеу қойылды.

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазавтожол мекемесіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында жалпы ұзындығы 30 км 1 автожол.

(қар көшкіні қаупіне байланысты)

  1. "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары", Берел а.-Рахман қайнары.

(автокөліктің барлық түрі үшін)

Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 79 км 1 автожол.

(боран, шектеулі көрініс)

  1. "Алматы-Ташкент-Термез", Кенен а. - Қайнар а. (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады).

(автокөліктің барлық түрі үшін)

Республикалық маңызы бар автожолдарға 363 бірлік техника және 489 адам жұмылдырылды.