2 200-ден астам алматылық «Бастау бизнес» курсынан өтті, олардың бір бөлігі істерін ашуға гранттар алды

2 200-ден астам алматылық «Бастау бизнес» курсынан өтті, олардың бір бөлігі істерін ашуға гранттар алды
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында «Бастау бизнес» жобасының сәтті жүзеге асатынын хабарлады. Биыл 2 201 әлеуетті кәсіпкер курстан өтті, оның 277-сі мемлекеттік қолдауға ие болды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Жобаның арқасында жұмыссыздар бастапқы капиталдың болмауы мәселесін шеше алады, ол үшін кәсіпкерлік курстарынан өту жеткілікті. 
 
Айтуар Қошмамбетовтың айтуынша, бизнестің басталуы оқыту барысында қаланады. «Бастау бизнес» қатысушыларын кәсіби бизнес-жаттықтырушылар оқытады, олар қандай қаржы институттарында және қандай шарттар бойынша ісін жаңа бастаған кәсіпкердің бастапқы капиталды алу мүмкіндігі бар екенін айтады. 
 
Жаңадан келген кәсіпкерлерге бизнес-жоспарды бірнеше қадамға қалай бөлуге және оларды өздеріне зиян келтірместен дәйекті түрде орындауға болатындығы түсіндіріледі. Бағдарламаға қатысушыларға 200 АЕК көлемінде гранттар бөлінеді – бұл шамамен 500 мың теңге. Бұл ақша өз ісін ашуға жеткілікті. 
 
Сондай-ақ, А. Қошмамбетов іске қосылған «Учёт.кз» Atameken Business Club платформасы арқылы ниет білдірушілер бухгалтерлік есеп, салық, кадрлар және бизнесті жүргізудің басқа да өзекті мәселелері бойынша тегін онлайн-кеңестер ала алатынын айтты. Сабақтарды Amazon, Wildberries, Yandex Go, Ozon және Satu.kz сияқты ірі холдингтердің өкілдері жүргізеді. 
 
Сонымен қатар, биыл Almaty Business – 2021 оқыту бағдарламасы іске қосылды. Ол жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерін акселерациялауға бағытталған. 

«Осы бағдарлама аясында жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге бизнестің заманауи құралдары үйретіледі. Биылғы жылы 1 000 ШОБ субъектісі оқудан өтті. Негізінен олар – азық-түлік және азық-түліктік емес ритейл, қоғамдық тамақтану объектілері, қызмет көрсету саласы, жиһаз, тамақ және тігін өндірісінің өкілдері», - деді Айтуар Қошмамбетов. 

Сөзінің соңында Палата директоры кәсіпкерлерді бәсекелестіктен, оқудан үрейленбеуге шақырды. Оның пікірінше, бизнестегі салауатты бәсекелестік – дамудың жақсы мүмкіндігі.