Алматыда 196 мыңнан астам адам ревакциналаудан өтті

Алматыда 196 мыңнан астам адам ревакциналаудан өтті
Сурет: Novyny.live

Алматыда 119 вакциналау пункті жұмыс істейді.

Алматыда бір тәулікте 3 521 тұрғын коронавирусқа қарсы вакцина алды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«9 ақпан күні 3 521 алматылық вакцина салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы 9 ақпан аралығында қалада 1 078 369 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 041 775 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 124 282 адамның жасы 60-тан асқан», - деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 47 463 адам салдырды. Оның ішінде 2 451 жүкті әйел, бала емізетін 10 456 ана және 34 556 жасөспірім бар.

«Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 119 вакциналау пункті жұмыс істейді. 140 вакциналау бригадасында 520 медицина қызметкері жұмылдырылды», - деп атап өтті Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.