19 өңірде ескерту жарияланды

19 өңірде ескерту жарияланды
Сурет: ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК 27 желтоқсанда күн райының бұзылуына байланысты барлық дерлік өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі, басым бөлігінде 23-28 м/с күшпен жел соғады.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта катты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман болжанады. Желдің күші 23-28 м/с артуы ықтимал.

Астана қаласында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде кей уақытта желдің екпіні 23 м/с жетуі мүмкін.

Жетісу облысының солтүстігінде, орталығы мен таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с құрайды.

Түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысы мен орталығында көктайғақ болады. Желдің күші кей уақытта 23 м/с артады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, 15-20 м/с жылдамдықта жел болжанады.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болжанады. Күндіз таулы асуларда желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Шымкент қаласында таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Өңірдің орталығында – тұман, түнде солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болжанады. 15-20 м/с екпінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады.

Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең өңірдің батысында, солтүстігінде, шығысында желдің күші 23-28 м/с артуы ықтимал.

Павлодар облысының шығысы мен оңтүстігінде – тұман, көктайғақ, күндіз басым бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ болжанады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең өңірдің батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Түнде өңірдің басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, батысы мен шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде желдің екпіні 23-28 м/с, облыстың батысы мен оңтүстігінде кей уақытта 30 м/с және одан жоғары болады.

Ұлытау облысының басым бөлігінде – бұрқасын, көктайғақ, оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз өңірдің солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 23-28 м/с күшеюі ықтимал.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігі мен шығысында – бұрқасын, көктайғақ, оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында желдің күші 23-28 м/с жетуі мүмкін.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болжанады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 23 м/с артуы ықтимал.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде, күндіз батысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертен тұманды болады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жамбыл облысында 27 желтоқсанда таңертең және күндіз, 28 желтоқсанда түнде, 29 желтоқсанда тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақытта күші 30 м/с және одан жоғары болады.