19 милион тұратын сөмке

19 милион тұратын сөмке
Сурет: coperni / Instagram

Қыздар мерекесі қарсаңында Париждегі сән апталығында 99% ауадан жасалған сөмке көпшілік назарына ұсынылды.

Париждік Coperni сән бренді NASA-мен бірлесіп Air Swipe сөмкесін шығарған, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Сөмкенің ерекшелігі сол, 99% ауадан және 1% шыныдан жасалған. Ультра заманауи мөлдір әмиянның салмағы небәрі 33 грамм. Өлшемі 27х16х6 см. Былайша айтқанда стандартты шаммен бірдей. Ол наноматериалдан – кремний аэрогельінен жасалған. Ол 1200 градус Цельсий температураға, өзінің салмағынан 4 мың есе артық қысымға төтеп бере алады. Бренд инновациялық аксессуарды Кипрдегі Америка университетінің суретшісі және кремний аэрогельдерін зерттеуші Иоаннис Михалудиспен бірге әзірлеген. Дизайнерлер оны жасау үшін 15 прототип қажет болғанын айтты.

Жалпы осынау сәндік сөмкенің бағасын білесіз бе? Өнертапқыштар оны 40 000 еуроға бағалаған. Біздің теңгеге шаққанда 19 милион теңге шамасында.

Сонымен осынау сөмкені ұстауға қыруар қаржы жұмсауға дайынсыз ба?