17 өңір «жасыл» аймақта

17 өңір «жасыл» аймақта
Cурет: Inform.kz

«Сары» аймақта үш облыс тұр

2021 жылғы 19 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қызыл» аймақта орналасқан өңірлер жоқ.

«Сары» аймаққа Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары енген.

«Жасыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.