16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөзі

Қазақстанның басым бөлігінде күн суытады

Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың 16 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республиканың басым бөлігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде тұман түсіп, шалады.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен батыста, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста республиканың орталығында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың шығысында жаңбыр жауып, көктайғақ болады.

Қазақстан бойынша жел күшейеді. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, орталығында, Жетісу облысының таулы аймақтарында -1 ... -6 °C аяз болады. Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында түнде топырақ бетінде -2°С аяз болады.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5°С, топырақ бетінде -1°С, күндіз +16...+18°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7...+9°С, күндіз +24...+26°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +15...+17°С, күндіз +27...+29°С.