14 адамды жаралады

14 адамды жаралады
Сурет: ашық дереккөз

Оңтүстік Корея астанасы Сеул маңында жергілікті тұрғын 14 адамды жаралады. Солардың бесеуін ол көлікпен қағып, тоғызын сауда орталығының ішінде пышақтаған.

Екі адам қазір хал үстінде жатыр.

Полицияның хабарлауынша, шабуылшы тұтқындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.

Ал жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары күдікті 20 жастағы ер адам, оның психикалық ауруға шалдыққанын жарыса жазуда.

Айта кетсек, осыдан бірер күн бұрын дәл осындай шабуылдан Сеулде 1 адам қаза тауып, үшеуі жараланды.