Алматы қаласында ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан уақытша өшіріледі

Алматы қаласында ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан уақытша өшіріледі
almaty-akshamy.kz

Ыстық сумен жабдықтау қызметі бойынша уақытша шектеулер ағымдағы жылдың 7 тамызынан бастап Алматы қаласының төрт ауданының аумағында сегменттік түрде енгізіледі.

Ыстық су мына көшелер мен тұрғын үйлердің контурында орналасқан тұрғын және басқа ғимараттарға берілмейді:
Түрксіб ауданы:
- 7-11 тамыз аралығында Сейфуллин-Терехин-Дулатов-Ақан сері көшелерінің контурында;
- 21-25 тамыз аралығында - Физкультурная-Аймауытов-Щербаков-Чехов көшелері;
Жетісу ауданы:
- 21-25 тамыз аралығында-Беспаков-Жансүгіров-Жұмабаев-Омаров көшелері;
Наурызбай ауданы:
- 7-8 тамыз аралығында-Жүнісов-Райымбек-Алтын орда-Абай көшелері;
Медеу ауданы:
- 14-18 тамыз аралығында-Блок-Үштөбе-Тәтібеков-Гурилев көшелері;
- 14-19 тамыз аралығында - Казачка өзені – Құлжа трактісі-Атырау-1 - ықшам ауданы.

Аталған жергілікті шектеулер «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізіледі.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС