11 қарашада күн райы қандай болады

11 қарашада күн райы қандай болады
Сурет: Ашық дереккөз

Көктайғақ, жаяу бұрқасын 

«Қазгидромет» РМК-сы қарашаның 11-не жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кәсіпорын таратқан еректерге қарағанда, қарашада атлантикалық циклон жырасы және атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста жел күшейеді. Тек, еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында ғана күн ашық болады, Қазақстан бойынша тұман түседі.