11-қабаттан секірмек болған қызды полицей құтқарды

11-қабаттан секірмек болған қызды полицей құтқарды
Сурет: скриншот

Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Шымкентте 11-қабаттан секірмек болған қыз құтқарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент тұрғынын құтқару сәті полицейлердің бейнежетонына түсіп қалған.

«24 қарашаның кешкі уақытында Жедел басқару орталығының 102 арнасына белгісіз азаматшаның көппәтерлі үйдің 11-қабатындағы ортақ балконнан секіруге оқталып тұрғаны туралы хабарлама түсті. Шақырту бойынша тез арада патрульдік полиция полкінің автоэкипаждары жолданды.  Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары балконның қоршауына шығып тұрған қызды көреді. Азаматшаның назары бір сәтке ауғанын пайдаланып, инспектор Нұржан Айдаров оны қауіпсіз жерге шығарып үлгерді», - делінген хабарламада.

Қызбен профилактикалық сұхбат жүргізілді. Оның бұл қадамға жеке мәселелеріне байланысты барғаны белгілі болды. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.