100 жастағы Алматы тұрғыны Жаңа Қазақстан үшін дауыс берді

100 жастағы Алматы тұрғыны Жаңа Қазақстан үшін дауыс берді
Almaty-akshamy.kz

Биыл Нина Крылова жүзге толған мерейтойын атап өтті. Алматы тұрғыны қай жаста да өзінің азаматтық ұстанымын көрсетуге ешқашан кеш емес екеніне сенімді. Өйткені оның балалары, немерелері мен шөберелер қандай мемлекетте тұратыны бүгін шешіліп жатыр.

Нина Крылова өзінің қартайған шағында да белсенді бола отырып, үйде дауыс беруді ұйымдастыруды өтінді. Көшпелі сайлау комиссиясы ардагердің өтінішін қанағаттандырды.

«Мен елдің гүлденген болашағы үшін дауыс беремін», – деді зейнеткер.

Нина Афанасьевна өз дәуірінде көп нәрсені көруге мәжбүр болды. Ол Орталық майданда соғысып, Мәскеуді қорғауға қатысты. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін тұрмысқа шығып, ұл мен қыз туды. №8 балабақшада педагог-тәрбиеші болып жұмыс істеді. Ардагер апамыздың жауынгерлік наградалардан басқа, еңбек қызметі үшін грамоталары да бар.