10 000-дықты танымай қалмаңыз

10 000-дықты танымай қалмаңыз
Сурет: видеодан алынды
2023 жылғы 11 желтоқсанда ҚР Ұлттық банкі номиналы 10 мың теңгелік мерейтойлық банкноттың қорғаныш элементтері жөнінде мәлімет берді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Ұлттық банк мерейтойлық банкнот теңгенің 30 жылдығына арналғанын еске салды.

Ұлттық банк 10 000 теңгелік банкноттың түпнұсқа екенін қалай тексеруге болатынын түсіндірді:

  • монета түріндегі жарқыраған Елтаңба бейнесі;
  • жаңа үш облыс атауларының бірінші әріптерінің жасырын бейнесі;
  • теңге белгісі және 10 мың санының сутамғы белгісі;
  • жанасудан жақсы сезілетін шығыңқы элементтер;
  • терезедегі түсі өзгермелі теңге сұлбасы;
  • теңге белгісі түріндегі түсі өзгеретін спрак элементі;
  • жоғарф 3Д динамикалық әсері бар түсін өзгертетін қорғаныш жіп;
  • ультракүлгін сәуледегі монета және нөмір бейнесі.

2023 жылдың 15 қарашасында Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгеге 30 жыл толды.