1 жылқы 47 қойды жалын жалмады

1 жылқы 47 қойды жалын жалмады
Сурет: Жамбыл облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметі

Жамбыл облысы Сарысу ауданының Қаратас ауылындағы тұрғын үйдің ауласынан өрт шығып, 1 жылқы, 47 қой өртеніп кетті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

«101» қызметіне мал қораның өртке оранғаны туралы хабарлама 25 наурыз күні 21 сағат 43 минутта келіп түскен. Оқиға орнына Жаңатас қаласының №16 өрт сөндіру бөлімінің 1 бөлімшесі, ерікті өрт құралымынан 7 адам, 1 Нива автокөлігі, жергілікті атқарушы органнан тіркемесі бар 1 МТЗ-80 тракторы шыққан. Аумағы 220 шаршы метрді шарпыған өрт 22 сағат 36 минутта ауыздықталып, 22 сағат 56 минутта толығымен өшірілген.  

«Мал қора ауласында барлығы 228 бас ұсақ мал (қой) болғандығы анықталды. 1 жылқы мен 47 бас қой қора ішінде өртеніп кетті. Ауыл тұрғындары мен жергілікті атқарушы органдар өкілдері және өрт сөндірушілердің жедел қимылының арқасында қора маңындағы малдар қауіпсіз жерге айдап шығарылды. Осылайша 180 бас мал құтқарылды. Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан орын алған. Аталған өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар тіркелген жоқ», – делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.