Қазақстанда фармацевтикалық өндіріс көлемі 38,9%-ға, машина құрастыру 22%-ға өскен

Қазақстанда фармацевтикалық өндіріс көлемі 38,9%-ға, машина құрастыру 22%-ға өскен
Сурет: Rg.ru

 Халықтың дәрілік заттарға және медициналық бұйымдарға деген сұранысы да артқан.

 ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 2021 жылдың 7 айының қорытындысында былтырғымен салыстырғанда осындай көрсеткіш байқалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 Өндіріс өсімі:

- автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер (+34,7%),

- машиналар мен жабдықтар (+37,8%),

- басқа көлік құралдары өндірісі (+37,7%),

- компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар (+45,8%),

- электр жабдықтары (+7,2%),

- жөндеу және орнатудың (+5,4%) артуы есебінен болды.


Биылғы 7 айда фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 38,9% өсті. Оған халықтың дәрілік заттарға және медициналық бұйымдарға сұраныстың артуы есебінен қол жеткізілді.

 Жеңіл өнеркәсіпте киім (+18,7%) және былғары өнімдері (+7,9%) өндірісінің ұлғаюы есебінен өсім 5,4% құрады.

Дезинфекциялық құралдар мен минералдық тыңайтқыштарға (натрий бихроматы (2 есе), пигментті хром тотығына (+56%) сұраныстың артуы химия өнеркәсібі өндірісі көлемінің өсуіне ықпал етті. Өсім 1,9% құрады.