Қазақстан тағы 4 елдің вакциналау құжаттарын мойындады

Қазақстан тағы 4 елдің вакциналау құжаттарын мойындады
Сурет: 24.kz

Қазақстан бірнеше елдің вакциналау құжатын мақұлдады

Қазақстан тағы 4 елдің вакциналау құжаттарын мойындады. Атап айтар болсақ: Канада, Черногория, Чехия және Жапония. Бұл туралы еліміздің бас санитар дәрігерінің хабарламасында айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бүгінде Қазақстанда барлығы 24 шет мемлекеттің иммундау сертификаты мақұлданған. Ал қазақстандық екпе паспортын 20 мемлекет таныған. Сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан келер жылдан бастап коронавирусқа қарсы вакциналау төлқұжаттарын өзара мойындауы мүмкін.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- Бұл сұрақ министрдің орынбасарымен талқыланды. Біз Өзбекстанның екпе паспортын тануға қарсы емеспіз, көршілес мемлекет өз кезегінде біздің елдің вакциналау сертификатын тануға дайын. Бұл бағытта Сыртқы істер министрлігімен бірлесе жұмыс жүргізетін боламыз.