Қалада Күдерин көшесінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі

Қалада Күдерин көшесінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Сурет: Egemen.kz

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты туындаған қолайсыздықтар

Алматыда Күдерин көшесінің Райымбек даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейінгі бөлігі 5 күнге жабылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Жол қозғалысы түнгі уақытта жабылатын болады. 15-20 қыркүйек аралығында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты түнгі 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін Күдерин көшесінің Райымбек даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Қалалық мобильділік басқармасындағылар келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және жол жүру бағытын алдын ала түзетуді сұрайды.