Өзбекстанда екпе жасатпағандар жұмыстан шеттетіледі

Өзбекстанда екпе жасатпағандар жұмыстан шеттетіледі
almaty-akshamy.kz

Өзбекстанда екпе салдырмағандар жұмыстан шеттетіледі. Тиісті заңға жуырда көрші ел Президенті Шавкат Мирзиёев қол қойды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 24.kz сілтеме жасап.

Тағы жаңашылдыққа сәйкес, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер инфекциялық аурулар өршіген жағдайда, міндетті вакциналау шарасын енгізуі мүмкін. Өзбекстандағы қазіргі эпидаухал аса мәз емес.


Негізі иммундау шарасы аясында Өзбекстанда 4 түрлі вакцина қолданылуда. Олар: COVAX бағдарламасы аясында елге жеткізілген Aztra Zeneca мен Moderna екпелері және ресейлік Спутник V мен қытайлық вакцина ZFUZ. Қазіргі таңда елде екпе алған азаматтардың саны 8 млн 300 мыңнан асты.


Жалпы, міндетті екпе жасатудан бас тарта алатын азаматтардың да санаты бар. Бұл тізімге медициналық көрсеткіштерге байланысты вакцина жасатуға болмайтындар, 6 ай ішінде коронавируспен ауырып шыққандар мен жүкті әйелдер кіреді. Олар міндетті түрде ПТР тест тапсырып отырулары қажет. Бұл тест Өзбекстан азаматтары үшін тегін жасалады.