Өзбекстан әлем чемпионатында алтын жүлдесіз қалды

Өзбекстан әлем чемпионатында алтын жүлдесіз қалды
Cурет: Ашық дереккөз

Сербиядағы бокстан әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектер өтуде

Бокстан Өзбекстан құрамасы Сербиядағы әлем чемпионатында алтын жүлдесіз қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Финалға тек бір өзбек боксшысы шыққан. Абдумалик Халоков шешуші сында франциялық Софьян Умиаға есе жіберді.

Бұған дейін Өзбекстанның қанжығасына этникалық қазақ Мадияр Саидрахимов қола жүлде салған еді.