Өткен тәулікте 1 863 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте 1 863 адамнан коронавирус анықталды
Cурет: stopfake.kz

Алматыда 344 адам вирус жұқтырған.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 863 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Сoronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 903 924 жетті. 
Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 292, Алматы қаласында - 344, Шымкент қаласында – 53, Ақмола облысында – 98, Ақтөбе облысында - 60, Алматы облысында - 149, Атырау облысында - 46, Шығыс Қазақстан облысында - 101, Жамбыл облысында - 19, Батыс Қазақстан облысында -67, Қарағанды облысында - 154, Қостанай облысында - 97, Қызылорда облысында - 35, Маңғыстау облысында - 14, Павлодар облысында - 159, Солтүстік Қазақстан облысында - 146, Түркістан облысында - 29.