Әлібек Дінішевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Әлібек Дінішевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді
Сурет: Kandastar.kz

30 шілдеде Әлібек Дінішев 70 жасқа толды.

Отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегі үшін Әлібек Мұсаұлы Дінішевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы Қаулыға қол қойып, Әлібек Дінішевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желілерде хабарлады.

«Отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегі үшін Әлібек Мұсаұлы Дінішевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін»,– делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Қаулыда.