Әлемнің 7 елінде қазақстандық екпе құжаты мойындалған

Әлемнің 7 елінде қазақстандық екпе құжаты мойындалған
Сурет: Bluescreen.kz

Қазақстанда салынған екпенің құжатын Тайланд, Моңғолия, Венгрия, Қырғызстан, Грузия, Кипр, Түркия елдері мойындады.

Қазақстанда алынған вакцина паспортын мойындайтын елдер аталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ДСМ өкілі Айжан Есмағамбетованың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп өзара вакцина паспортын мойындау туралы келіссөздер жүргізіп жатыр,деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Вакцина алуда оның паспорты шетелде мойындалғаны емес, оның қаншалықты тиімді екені маңызды. Басты мақсат – вакцинаның адам ағзасын қорғауы, сол арқылы денсаулығымызды сақтаймыз. Біз үшін ең бастысы осы. Бүгінгі күні Қазақстанда алынған вакцинаның паспортын Тайланд, Моңғолия, Венгрия, Қырғызстан, Грузия, Кипр, Түркия елдері мойындап отыр. Сол секілді Ресейде де ЕАЭО аясында вакцина паспортын мойындау келіссөзі жүргізілуде. Шетелдіктердің вакцина паспортын біз ғана мойындап қоймай, екіжақты ету міндеті тұр», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова.