Әлемге әйгілі ABBA тобы 40 жылдан кейін жаңа альбомын шығарды

Әлемге әйгілі ABBA тобы 40 жылдан кейін жаңа альбомын шығарды
Сурет: Мymsk.online

Бұл топтың мұның алдындағы ән жинағы «The Visitors» деген атпен 1981 жылы шыққан.

Шведтік поп-тобы ABBA алдыңғы альбомынан 40 жылдан кейін Voyage атты жаңа альбомын шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Саны бойынша тоғызыншы студиялық жаңа альбомға он трек кіреді. 2022 жылдың көктемінде топ Лондондағы концертінде жаңа шығарылымын ұсынады. Топтың барлық мүшелері көрермендер алдында өнер көрсетеді, сонымен қатар жас  Агнета Фельтског, Бьорн Ульвеус, Бенни Андерссон, Анни-Фрид Лингстадтың сөйлейтін голограммалары шығады.

1972 жылы құрылған шведтік ABBA тобы он жылға жуық сахнада өнер көрсеткен. Топтың репертуарындағы Dancing Queen, Super Trouper және Mamma Mia хиттерін кезінде әлем халқы бірге шырқаған. Топ мүшелері 1974 жылы «Евровидение» ән байқауында жеңіске жеткеннен кейін халықаралық деңгейде танылды.

Шведтік поп-тобы ABBA 1972—1982 жылдар аралығында дүние жүзіне танымал болған және жұмыстарын 2018 жылдан бері жалғастырып келе жатқан топ. Ұжымның атауы топ мүшелері Агнета Фельтског, Бьорн Ульвеус, Бенни Андерссон, Анни-Фрид Лингстадтың есімдерінің бас әріптерінен қойылған.