Әлемде қара алтын бағасы қымбаттады

Әлемде қара алтын бағасы қымбаттады
Сурет: Aa.com.tr

Әлемдік мұнай қымбаттап, рекорд орнатты

Лондондағы ICE биржасында Брент маркасының қараша фьючерстері шамамен 2%-ға өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Баррельдің бағасы 75 доллардан асып түсті. WTI фьючерстерінің құны да көтерілді. Қара алтынның бұл маркасы барреліне 72 доллар төңірегінде сатылды. Рейтер сарапшылары «қара алтынның» қымбаттауын Мексика шығанағындағы Ида дауылының салдарымен байланыстырады.

Сарапшылардың айтуынша, тамыздың аяғында қатты дауылдың салдарынан қайраңда өндіру және өңдеу уақытша тоқтатылды. Ал қазір шығанақ жағалауына жаңа Николас тропикалық дауылы келді. Сол себепті аймақтағы өндіріс дауыл маусымы аяқталғаннан кейін ғана қайта басталуы мүмкін, дейді мамандар.