Әлемде COVID-пен ауырғандар саны 250 миллионнан асты

Әлемде COVID-пен ауырғандар саны 250 миллионнан асты
Сурет: Gazeta.ru

Бір апта ішінде әлемде коронавирустан 60 мыңға жуық адам қайтыс болды, бірақ ауру көрсеткіші төмендеуде.

Worldometer сайтының мәліметі бойынша, әлемде 8 қарашада коронавирус жұқтырғандар саны 250 миллионнан асты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

Өткен аптада ғана індетке шалдыққандар саны бұл көрсеткіштен 2 миллиондай аз болатын.

Мәселен, пандемия басталғалы әлемде барлығы 250 654 282 коронавирус ауруы анықталса, оның ішінде 5 065 595 адам қайтыс болған, 226 898 676 адам жазылып шықты.

Айта кетейік, 30 қазандағы статистика бойынша коронавирус құрбандарының саны 5 миллионнан асты.