«Әлем мұғалімі» байқауына алматылық ұстаз қатысады

«Әлем мұғалімі» байқауына алматылық ұстаз қатысады
Cурет: Adyrna.kz

Аталмыш байқау 2019 жылдан бері өткізіліп келеді.

Биыл «Әлем мұғалімі» байқауына алматылық ұстаз қатысады. Бұл байқаудың жүлде қоры 1 миллион долларды құрайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty-tv-ге сілтеме жасап.

«Әлем мұғалімі» байқауына Алматы қаласының № 42 орта мектебінің музыка, өзін-өзі тану және хореография пәнінің мұғалімі Алла Буренкова қатысады. Қазақстанның барлық аймақтарынан 64 үміткердің арасынан он финалист таңдалды. Үміткерлерді таңдау жаһандық мұғалімдер сыйлығының критерийлері бойынша жүзеге асырылады. Тестілеу процесінің ашықтығын және үміткерлерді терең тексеруді бақылауды Price Waterhouse Coopers халықаралық аудиторлық компаниясы жүзеге асырады.
Финалистердің барлығы да Қазақстаннан 2022 жылғы жаһандық мұғалімдер сыйлығына ұсынылған.