Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтеді

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтеді
Сурет: Еgemen.kz

Ұлттық кеңестің алтыншы отырысы болмақ  

16 қарашада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап

 Бұл туралы Ұлттық кеңес хатшысы Ерлан Қарин Telegram-дағы парақшасында жазды.

«16 қарашада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысы өтеді. Отырыс онлайн форматта өткізіледі. Отырыстың күн тәртібінде Ұлттық кеңес шеңберінде бұрын берілген Президент тапсырмаларының іске асырылу барысын, сондай-ақ қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму жөніндегі ұлттық кеңес мүшелерінің ұсыныстарын талқылау жоспарлануда», деп жазылған Ерлан Қариннің хабарламасында.