Үндістанда COVID-19 жұқтырғандар саны артты

Үндістанда COVID-19 жұқтырғандар саны артты
Сурет: Coinshares.com

Ресейде инфекция жұқтырушылар азайғанымен өлім-жітім азаймай отыр.

Үндістанда коронавирустық инфекцияға шалдыққандар 32 миллионға жуықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.

Үндістан елінде  COVID-19 инфекциясын жұқтырған тұрғындар саны 31 655 824-ке жетті. Бір тәулікте коронавирустың жаңа түрінің 41 831 жағдайы расталды. 541 науқас инфекциядан қайтыс болды. Осы уақытқа дейін COVID-19 эпидемиясы 424 351 адамның өмірін қиды. 

Ресейде пандемия басталғаннан бері инфекцияның 6 288 677 жағдайы тіркелді. Соңғы тәулікте 22 804 жағдай анықталып, 789 адам қайтыс болды. Сарапшылар анықталған инфекция жұқтыру жағдайларының саны төмендеп келе жатқанын, бірақ өлім-жітім көрсеткіші әлі де жоғары деңгейде екенін айтады.  Ресейдің туристік аймақтары КВИ-ге қарсы қатаң ережелер енгізуде. Кубандағы қонақ үйлер тек вакцинацияланған немесе жуық арада COVID-19 вирусымен ауырып, жазылған туристерді ғана қабылдайды. Сондай-ақ, қонақ үйге алдағы үш күнде вакцинациядан өтуге ерікті түрде келісім берген саяхатшылардың қоныстануына да рұқсат беріледі. Үндістанда коронавирустық инфекцияға шалдыққандар 32 миллионға жуықтады. Елдегі COVID-19 инфекциясын жұқтырған тұрғындар саны 31 655 824-ке жетті. Бір тәулікте коронавирустың жаңа түрінің 41 831 жағдайы расталды. 541 науқас инфекциядан қайтыс болды. Осы уақытқа дейін COVID-19 эпидемиясы 424 351 адамның өмірін қиды.